Тікелей эфир

"Жоғары білім беру ісінің құрметті қызметкері": Бұл төсбелгіге кімдер ие бола алады

Марапатқа ие болу үшін қызметкердің кемі 10 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.

Қазақстанда ЖОО оқытушыларын ынталандыру мақсатында жаңа марапат – "Жоғары білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісі енгізіледі. Бұл марапат ведомстволық наградалар қатарын толықтырады. 

Тиісті Үкімет қаулысына енгізілетін толықтыруларға сәйкес, Жоғары білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісімен келесі шарттарға сәйкес келетін ЖОО қызметкерлері марапатталады: 

  • жоғары және (немесе) ЖОО кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы жұмыс өтілі 10 және одан да көп жыл, оның ішінде соңғы жұмыс орнында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар болуы;
  • қызметтік міндеттерін үлгілі орындауы;
  • табысты нәтижелері, шығармашылық белсенділігі, іс-шараларды өткізудегі жетістіктерінің болуы. 

Оқи отырыңыз: Стипендия, коммуналдық ақы және несие алу тәртібі. 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда не өзгереді


"Жоғары білім алу ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісі диаметрі 28 мм, қалыңдығы 2 мм шеңбер түрінде сары түсті металдан (жезден) жасалады. Төсбелгінің алдыңғы жағында ортасында ашылған кітаптың бейнесі, ашылған кітаптың сол жақ жоғарғы бөлігінде төртбұрышты академиялық телпек, төсбелгінің төменгі бөлігінде лавр бұтақтары орналасқан. Төсбелгінің сыртқы жағында "Жоғары білімнің құрметті қызметкері" деген жазу орналасқан. Төсбелгі құлақша мен сақинаның көмегімен ені 25 мм және биіктігі 15 мм көк түсті муар лентасымен қапталған тікбұрышты тағанмен жалғанады" делінген төсбелгісінің сипаттамасында. 

Эскиз: Жоғары білім және ғылым министрлігі

 

Серіктестер жаңалықтары