Тікелей эфир

Жұмысқа декларациясыз қабылдаған: СҚО-дағы Ұлттық статистика департаментінің басшысына айыппұл салынды

Басқарма басшысы өз кінәсін мойындады.

Солтүстік Қазақстан облысында Ұлттық статистика бюросының департамент басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық статистика департаментінің басшысы қызметкерді активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынбай лауазымға тағайындау кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған. Бұл үшін 100 АЕК (345 000 теңге) айыппұл қарастырылған, бірақ басшы өз кінәсін мойындағандықтан, іс белгіленген айыппұлдың 50 пайызын: 50 АЕК, яғни 172 500 теңге өндіріп алумен қысқартылған өндіріс ретінде қаралды.


Оқи отырыңыз: 2023 жылы кімдердің мобильді аударымдары тексеріледі?


Антикор мемлекеттік қызметке үміткерлер мен олардың жұбайлары лауазымға тағайындау туралы актіні бергенге дейін активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсыруы тиіс екенін еске салды.

Серіктестер жаңалықтары