Қазір мерзімді қызметін өтеп жүрген сарбаздардың 70 пайызы бұл ұсынысты қолдаған.
Мерзімді қызметін өтеген сарбаздарға ЖОО-да тегін білім алуға мүмкіндік беретін жоба 2023 жылы іске қосылады. Бірақ бұл мүмкіндікті арнайы іріктеуден өткендер ғана иелене алады, деп мәлімдеді қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева.
"Әскери қызметшілер, яғни әскери, мемлекеттік-құқықтық, дене шынықтыру даярлығы және тағы басқа сабақтардың нәтижелері бойынша іріктеледі. Арада сыбайлас жемқорлық болуы мүмкін екенін түсінеміз. Сол себепті қазір осы тәуекелдерді ескеріп, оларды барынша азайтатын арнайы іріктеу әдістемесін әзірлеудеміз. Барлығы ашық болады", – деді Айгүл Төлембаева.
Министрдің кеңесшісі аталған жобаның келер жылдан бастап іске қосылатынын атап өтті.
Оқи отырыңыз: Саясат Нұрбек: Шымкентте АИТВ жұқтырғандардың жоғары білім алуына көмектесеміз
"Жоба жұмыс істеп жатыр. Біз министрдің бұйрығымен бекітілген тиісті ережелерге өзгерістер енгіземіз. Оны іске асыру алдағы 2023 жылы басталады", – деді министр кеңесшісі.
Сондай-ақ, Айгүл Төлембаева қазір мерзімді қызметін өтеп жүрген сарбаздардың 70 пайызының бұл ұсынысты қолдап отырғанын бөлісті.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🛫 Демалыс күндері ұшақ билеті неге қымбат болады? Азаматтық авиация комитетінің жауабы
-
302
-
0
-
1
-
-
2🚴♂️ Астана мен Алматыда қанша шақырым велосипед жолы бар?
-
291
-
0
-
0
-
-
3💰"Бір тиын да алмадым". Қаржы министрі зейнетақы жинағын ерте шешіп алмауға кеңес берді
-
292
-
1
-
1
-
-
4👪 1 маусымда Астанада балаларға арналған қандай мерекелік шаралар болады?
-
304
-
0
-
3
-
-
5🌎 Қазақстанда жеті мыңнан астам 5G станциясы орнатылады
-
309
-
0
-
2
-
-
6📝 ҰБТ-2023: Аппеляцияға өтініш беру тәртібі қандай?
-
329
-
1
-
1
-
-
7🏠 "Баратын жеріміз жоқ". Павлодарда апатты үй тұрғындары үйінді астында қалудан қорқып отыр
-
320
-
0
-
0
-
-
8🚫🏠 "Бес баламен сабылып жүрміз". Атырау облысында көпбалалы аналарға тиісті пәтерлер екі жылдан бері берілмеген
-
345
-
0
-
0
-
-
9🚗 Автокөлікке VIP нөмірді eGov.kz порталы мен eGov Mobile арқылы сатып алуға болады
-
296
-
0
-
0
-
-
10🪖 Тоқаев: Тоталитаризмнің қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді
-
277
-
0
-
0
-