Тікелей эфир

Жетісуда жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, ер адам қаза тапты

Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жетісуда жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысты: жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

21 ақпанға қараған түні Алматы-Өскемен тас жолының 455 шақырымында Сарқан ауданында жол апаты болды.

Nissan Terrano жүргізушісі қарсы жолға шығып кетіп, DAF XF 105 жүк көлігімен соқтығысқан, жеңіл көліктің 30 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.


Оқи отырыңыз: Батыс Қазақстан облысында жол апатынан екі ересек адам мен төрт бала қаза тапты


Жолаушы ретінде жолға шыққан бойжеткен түрлі жарақаттармен облыстық ауруханаға жатқызылды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция жүргізушілерден жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды талап етеді. Жол қозғалысы ережелерін елемеу ауыр зардаптарға әкеледі.

Серіктестер жаңалықтары