Тікелей эфир

Жаңа туған сәбилерін саудалаған ана 8 жылға сотталды

Атырауда жаңа туған екі сәбиін саудалаған ана алдағы сегіз жылын темір торда өткізетін болады.

Сотталушының аппелияциялық шағымы қаралып, үкім өзгеріссіз қалды. Сәбилерді сатып алған төрт адам да шартты жаза арқалаған болатын, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

"Сот үкімімен бір сотталушы 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылса, қалған 4 сотталушыға ҚРқылмыстық кодексінің 55-бабы, 4-бөлігімен шартты түрде 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Қылмыстық іс аппеляциялық тәртіпте қаралып, Атырау облыстық қылмыстық істері жөніндегі сот алқасының қаулысымен сот үкімі өзгеріссіз, сотталғандар мен адвокаттардың аппелияциялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылды", – деді Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы Мейрамгүл Өтеғұлова.

Облыстық соттың мәліметінше, әйел алдымен өзі туған бір баласын сатып жіберген. Сосын тағы жүкті болып, екінші сәбиін алаяқтық жолмен саудалауды көздеген. Сосын олардан алдын ала 2 миллион 300 мың теңге алып, ізін суытқан.


Оқи отырыңыз: 1 миллион теңге: Жетісу облысының тұрғыны екі баласын сатып жіберді


Мұнымен қоймай, келіншек дүниеге келетін нәрестесін сату туралы тағы бір отбасымен уағдаласады. Олар бала дүниеге келгенше сотталушының шотына ақша аударып тұрған. Жаңа туған нәрестені сол әулет алып кеткен. Ерлі-зайыптылар балалардың туу туралы куәліктеріне өз аттарын жаздырып та үлгерген.

Серіктестер жаңалықтары