Тікелей эфир

"Жаңа асфальт 36 сағатта суиды". Алматы әкімдігі көшелердегі қозғалыс не себепті шектелетінін айтты

Нормативтік талаптар бойынша, асфальтбетон 40 градустан төмен салқындаған жағдайда ғана қозғалыс басталады.

Алматыда асфальтбетон қоспасы 150-160 градус температурада төселеді. Салқындату үшін уақыт қажет - орташа есеппен 36 сағат. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады. 

"Нормативтік талаптарға сәйкес, біз асфальтбетон 40 градустан төмен салқындаған жағдайда ғана қозғалысты бастай аламыз. Осы кезде асфальтбетон жабынының қаңқасы қалыптасады, ол өзінің беріктігін сақтайды, еш ақаулар болмайды", – деді қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев баспасөз туры кезінде журналистерге.

Жөндеуді 10 жылдан астам күткен екі негізгі көлік артериясы бір уақытта ретке келтіріледі: бордюрлер қашалады, тротуарлар орнатылады, жол жабыны өзгереді. 

"Әл-Фараби мен Абай даңғылына сұраныс деңгейі жұмыс жылдамдығына айтарлықтай әсер етеді. Нысандарға екі мердігер ұйым тартылған. Мұндай шешім учаскелердің ұзындығына байланысты болды, бірінші даңғылдың ұзындығы – 9 шақырым, екіншісінікі 7 жеті шақырымнан асады. Ауқымына қарамастан, магистральдық көшелердегі барлық жол жөндеу жұмысы оқу жылы басталғанға дейін аяқталады. Былтыр даңғылдардың учаскелері де жөнделді", – делінген хабарламада. 

Абай даңғылы қала шекарасына дейін ұзарады. 


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары