Тікелей эфир

Жәнібек Әлімханұлы бразилиялық Эскива Фалькаомен жұдырықтасуға келісті

Бір күн бұрын Эскива Фалькао Twitter желісінде қазақстандық боксшыны рингте кездесуге шақырған еді.

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) Дүниежүзілік бокс ұйымының рейтингінде үшінші орында тұрған бразилиялық Эскива Фалькаомен (30-0, 20 КО) жұдырықтасуға келісті, деп хабарлайды Sports.kz.

Бір күн бұрын Эскива Фалькао Twitter желісінде қазақстандық боксшыны рингте кездесуге шақырған еді.

"Саған сенің қарапайым боксыңнан үлкен нәрсемен кездесуге тура келеді. Сен онымен қалай жұдырықтасуды білмейсің. Мен сенен әлдеқайда таланттымын. Сен әлсізсің және бұл белбеуді жоғалтып алудан қорқасың", – деп жазған бразилиялық боксшы.

Жәнібек Әлімханұлы жауап ретінде бразиялиялық боксшымен жұдырықтасуға қарсы емес екенін түсіндірді.

"Алдымен командаңмен сөйлес. Дайын болсаң, мен сені нокаутқа түсіруге дайын екенімді білесің. Менің бір өтінішім бар, менімен жекпе-жектен бас тартпаңдар!", – деп жазды қазақстандық.

Айта кетейік, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы бразилиялық боксшының атақтары жоқ екенін, сондықтан қызықтырмайтынын айтқан. 


Оқи отырыңыз: Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атанды


 

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары