USD: 465.3 / 467.9
  • EUR: 534.0 / 539.0
  • RUB: 5.39 / 5.51
Толығырақ
Тікелей эфир
Алматы +34C
Все города

Жетісуда 125 балл жинаған талапкер де грантқа түсе алмады. Ата-аналар министрлікке үндеу жасады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Грантқа түсе алмаған үздік түлектердің ата-аналары грант бөлу тәртібіне наразы.

Жетісу облысында ҰБТ-дан жоғары балл жинаған бірқатар талапкер мемлекеттік білім грантын ала алмаған. Олардың ата-аналары Ғылым және жоғары білім министрлігінен мәселені қайта қарауды сұрап отыр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Ата-аналардың айтуынша, грантсыз қалғандардың арасында 120–125 балл жинаған және "Алтын белгі" иегері болған түлектер де бар.

Балпық би ауылының тұрғыны Елена Хохлованың айтуынша, қызы Жансая Шаму мектепті "Алтын белгімен" тәмамдап, ҰБТ-дан 120 балл жинаған. Ол шет тілі бағыты бойынша бес жоғары оқу орнына құжат тапсырғанымен, ешқайсысынан мемлекеттік грант ала алмаған.

"Мен көпбалалы анамын. Қызымның мектептегі нәтижелері өте жақсы. ҰБТ-дан 120 балл жинадық. "Алтын белгі" де бар. Бес университетті таңдадық. Сондықтан грантқа өтеміз деп ойладық. Бірақ нәтиже шыққанда ешқайсысына түспегеніміз белгілі болды. Сонда жоғары балл алып тұрып, ақылы оқимыз ба? Әділетсіз ғой", – дейді Елена Хохлова.

Осындай жағдайға тап болған талапкерлердің қатарында 125 балл жинаған түлектер де бар.

Талдықорған қаласының тұрғыны Александр Беловтың айтуынша, ұлы ағылшын тілінен 40 сұрақтың 37-сіне дұрыс жауап беріп, жалпы 125 балл алғанына қарамастан грантқа іліне алмаған.

"Балам ағылшын тілінен 40-тан 37 балл алды. Ағылшын деңгейі өте жоғары. ҰБТ-дан 125 балл алды. Осындай нәтижемен грантқа түспегені таңғалдырады. Сонда не істеуі керек? Университеттердің іріктеу талабы да түсініксіз. Үздік түлек керек қой кез келген оқу орнына", – дейді Александр Белов. 

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, грантсыз қалған талапкерлердің көбі шет тілі мен медицина мамандықтарын таңдаған. Бұл бағыттарда бәсекелестік жоғары, ал грант саны шектеулі.

Министрліктің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Жанна Есенбаеваның айтуынша, ҰБТ-дағы жоғары балл грантты автоматты түрде қамтамасыз етпейді.

"Ең алдымен, ҰБТ-ның белгіленген шекті баллы тек конкурсқа қатысуға рұқсат етудің шарты екенін ескеру қажет. Нақты өтпелі балл конкурс кезінде қалыптасады және гранттар саны мен қатысушылардың нәтижелеріне байланысты болады. Егер бірнеше талапкердің балы бірдей болса, заңда көрсетілген басымдықтар қолданылады. Алдымен "Алтын белгі" иегерлеріне, кейін басқа да белгіленген артықшылықтарға ие талапкерлерге басымдық беріледі", – деді Жанна Есенбаева.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, мемлекеттік грантқа іліне алмаған талапкерлер үшін мүмкіндік әлі де бар. Олар қазақстандық жоғары оқу орындары ұсынатын 2 мыңнан астам ректорлық және университеттік гранттарға өтініш бере алады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау