"Жетісу" волейбол командасы өз тарихында тұңғыш рет Қазақстан суперкубогын иеленді

Фото: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі
Команда енді ел чемпионатында үздік өнер көрсетуге күш салады.

"Жетісу" волейбол ерлер командасы өз тарихында тұңғыш рет Қазақстан суперкубогында жеңіске жетті. Бұған дейін команда Астанада өткен ел кубогында да жеңімпаз атанған болатын Бұл туралы Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Волейболдан ерлер командалары арасында Оралда ел чемпионатының ІІІ үлкен тур ойындары өтіп жатыр. "Жетісу" командасы биылғы Қазақстан кубогының иегері ретінде бірінші матчты былтырғы маусымның жеңімпазы "Жайыққа" қарсы өткізіп, 3:0 есебімен жеңді. Сөйтіп, "Жетісу" командасы Қазақстан суперкубогын иеленді. Оған қоса жетісулық волейболшылар чемпионатта турнирлік кестеде көш бастап келеді.

"Жетісу жерінде жалпы волейболдың өзіндік дәстүрі қалыптасқан. Бүгінгі жеңіс бір-ақ күндегі емес, талай жылғы еңбектің жемісі. Марат Адыршев волейболшыларды тұрақты жаттықтырып келе жатқанына он жылға жуықтап, осы деңгейге жеткізді. Ендігі меже – ел чемпионаты, сондықтан оған бар күшімізді саламыз. Биыл қыздарымыз да, ұлдарымыз да жеңіске жетіп, барша жетісулықтарды қуантып жатыр. Біз жеңісті жолға қадам бастық, енді нәтижемізді одан әрі де  арттыра түссек дейміз. Осы тұрғыда облыс басшылығы бізге тиісті қолдау көрсетіп келеді", – деді "Жетісу" волейбол клубының директоры Нияз Жантілеуов.

Еске салайық, биыл "Жетісу" қыздар волейбол клубы өз тарихында бесінші рет суперкубокты алды (Еліміздің ең атағы көп "Жетісу" командасы Қазақстанның Суперкубогын бесінші мәрте иеленді), сол сияқты былтырғы маусымда қыздар командасы өзі қатысқан  жарыстың бәрінде жеңіске жеткен болатын.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз