Тікелей эфир

Жетісу облысында қант қызылшасы алқабы үш есе ұлғайтылады

Серік Жұманғарин қант қызылшасы егілген "Хильниченко және К" коммандиттік серіктестігінің (КС) егіс алқабын тексерді.

Жетісу облысында қант қызылшасы алқабын үш есе ұлғайту жоспарланып отыр, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

Биыл облыста 12,6 мың га жерге қант қызылшасы егілді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 2,6 мың гектарға артық. 2026 жылға қарай егістік алқаптарын 15 мың га дейін жеткізу жоспарланған, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 3,6 есе артық.

"Бүгінгі таңда құнарлы жерлерімен танымал аймақ егіс алқаптарын белсенді түрде кеңейтіп жатыр. Мұнда көктемгі егіс жұмыстары толық аяқталды: 432,5 мың га жаздық дақылдар, 309,3 мың га дәнді дақылдар, 90,4 мың га майлы дақылдар, 12,6 мың га қант қызылшасы және басқа да дақылдар егілді", – деп жазылған хабарламада.

Жалпы биыл облыста 2 миллион тонна өнім жинау жоспарланып жатыр. Оның ішінде тек қант қызылшасы – 550 мың тонна (2023 жылы – 370 мың тонна). Шегіртке тектес зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу 109 мың га алаңда жоспарланған. Италиялық прусқа қарсы 21,6 мың га өңделді. Өідеу жұмысына 17 бірлік жерүсті техникасы және ауыл шаруашылығы авиациясының 4 ұшағы тартылған. Аумақты зерттеумен 136 ерікті және 76 маман айналысып жатыр.

Вице-премьер Серік Жұманғарин қант қызылшасы егілген "Хильниченко және К" коммандиттік серіктестігінің (КС) егіс алқабын тексерді. Кәсіпорын дәнді және бұршақты дақылдарды өсіруге маманданған, мал шаруашылығымен айналысады.

Өңделетін жердің жалпы ауданы – 11 000 гектар, оның 264 гектары – суармалы учаскелер. Негізгі дақылдар: қант қызылшасы, соя, дәнді және жемшөп дақылдары.

КС басқарма төрағасының орынбасары Александр Хильниченконың айтуынша, мемлекет қолдауының арқасында олар қызылша саласын іс жүзінде қайта дамытуға қол жеткізе алды.

"Былтыр облыс бойынша орташа өнім гектарына 450 центнер қант қызылшасы болса, біздің шаруашылықта өнімділік гектарына 700 центнерді құрады. Биыл біздің шаруашылық қант қызылшасының егіс алқабын тағы 100 гектарға ұлғайтты. Біз өткен жылдан кем емес өнім аламыз деп күтіп отырмыз", – дейді фермер.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары