Жетісу облысында полицей түтін басқан үйден үш баланы құтқарды

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
Ересектер арасында да зардап шеккендер жоқ.

Жетісу облысында полиция қызметкері түтін басқан үйден үш баланы құтқарды, деп хабарлайды Polisia.kz.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні полиция майоры Мирас Даутов қызметтен тыс уақытта Көкбастау көшесімен өтіп бара жатып, көмек сұраған адамның дауысын естиді. Көшеде тұрған ер адам екі қабатты тұрғын үйде қатты түтін шығып, ішінде балалар қалып қойғанын айтып, көмекке шақырған.

Мирас Даутов ойланбастан газ қызметкерімен бірге түтінге оранған үйге кіреді. Өз өміріне қауіп төнгеніне қарамастан, олар 9 бен 13 жас аралығындағы үш баланы аман-есен сыртқа алып шыққан. Ересектер арасында да зардап шеккендер жоқ.

"Мирас Даутовтың бұл ерлігі – өз халқына адал қызмет етудің, офицерлік абырой мен антына адалдықтың жарқын көрінісі. Отан қорғаушылар күні ол нағыз батырлықтың не екенін іспен дәлелдеді", – дейді облыстық полиция департаменті.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз