Тікелей эфир

Жетісу облысында газ тапшлығы туындап, жүргізушілерді әбігерге салды

Жетісу облысында көлік жүргізушілері бірнеше күннен бері автогаз таппай қиналып қалды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Өткен демалыс күндерінен бастап өңірдегі бекеттердің көбінде сұйытылған газ болмаған. Кесірінен жүргізушілер сағаттап кезекте тұрған еді. Бірақ шенеуніктер барлық мәселе шешілді деп сендірді.

Екі-үш күннен бері Талдықорғандағы газ құю бекеттері бос тұр. Күнделікті ағылып жататан көліктер көрінбейді. Себебі, бекеттерде "газ жоқ" деген хабарламалар ілініп, жұмыс уақытша тоқтатылған. Облыс орталығында автогаз тапшылығы өткен аптаның бейсенбісінде басталған екен.

Көлік жүргізушілерінің айтуынша, үш-төрт күн бойы қаладағы жанармай құю бекеттерінің басым бөлігінде сұйытылған газ болмаған. Жалғыз бекетте ғана сатылған отынға ұзын-сонар кезек қалыптасқан.

Жауаптылар газ тапшылығы уақытша ғана болғанын айтады. Өйткені Павлодардан сұйытылған газ жеткізуде бірқатар қиындықтар туындаған екен.

"Бүгінгі күні тапшылық жоқ. Өткен аптада 21-23 желтоқсанда Павлодардағы зауыттан тауарды жеткізуде қиындықтар туындады. Содан бізде бүгін түске дейін кейбір жанармай құю бекеттерінде тапшылық болды. Облыста жағдай қалыпты", – деді Жетісу облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының бас маманы Азат Қанашжанов.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары