USD: 482.7 / 485.3
  • EUR: 550.5 / 555.5
  • RUB: 5.95 / 6.07
Тікелей эфир
Алматы +20C
Все города

Жетісу облысында 4 мың оқушы информатика сабағында ересектерге арналған сайттарды қараған

Фото: ratel.kz
Фото: ratel.kz
Жеті мұғалім жол берілген бұзушылықтары үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жетісу облысында оқушылар сабақтың орнына діни ойын мен ересектерге арналған сайттарды қараған, деп хабарлайды Жетісу облысының прокуратурасы.

"Көксу ауданындағы жеті мектепте 4 мың оқушы информатика кабинетіндегі тыйым салынған сайттарға, соның ішінде "Игра Сатаны" діни ресурсын және мазмұны ересектерге арналған сайттарға кірген. Жеті мұғалім жол берілген бұзушылықтары үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды. "Заң және Тәртіп" идеологиясын жүзеге асыру аясында Жетісу облысының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды жалғастыруда және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдайды", – делінген прокуратура хабарламасында.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша аталған сайттар бұғатталған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз