USD: 474.1 / 478.1
  • EUR: 539.5 / 544.5
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +29C
Все города

Жеті өзеннің бойында өмір сүретін жетісулықтар таза ауыз суға жарымай отыр

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Сарқан тұрғындары сапасыз ауыз суға шағымданды.

Жетісу облысының Сарқан қаласында тұрғындар сапалы ауыз суға қол жеткізе алмай отырғандарын айтып шағымданды. Олардың сөзінше, жауын жауған кезде краннан лай су ағып, оны пайдаланудың өзі қиынға соғады, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Сарқандықтардың айтуынша, жауын-шашыннан кейін құбырмен келетін су сарғыш түске боялып, лайланып кетеді. Сондықтан тұрғындар суды ұзақ уақыт тұндыруға немесе ауыз суды дүкеннен сатып алуға мәжбүр.

Олар сапасыз су үшін ай сайын шамамен 5 мың теңге төлейтіндерін айтып, бұл мәселе бойынша әкімдікке және жауапты мекемелерге бірнеше рет жүгінгенімен, нақты нәтиже болмағанын жеткізді.

Сарқан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметінше, өткен жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ауыз суды тазарту деңгейі 70–80 пайызға дейін жақсарған. Қазір қала маңында төрт тұндыру бассейні жұмыс істеп тұр, сондай-ақ қосымша сүзгі станциясын орнату мәселесі қарастырылып жатыр.

Жауаптылардың айтуынша, бұл жобаны жүзеге асыру бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр және мәселе облыс әкімінің бақылауында. Сүзгі станциясын келесі маусымда аяқтау жоспарланған.

Ал медицина мамандары лайланған суды тұтыну асқазан-ішек инфекцияларының қаупін арттыруы мүмкін екенін ескертіп, ауыз судың санитарлық талаптарға толық сай болуы қажет екенін айтты.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау