Тікелей эфир

Жеті елдің мамандары Алматыда дене шынықтырудың педагогикалық бағыттарын талқылады

Форумға Қазақстан, Үндістан, Франция, Ресей, Қырғызстан, Украина және Өзбекстан өкілдері қатысты.

Қазақ спорт және туризм академиясының базасында "Дене шынықтыру, спорт, туризм, білім және ғылымды дамытудың басым ғылыми-педагогикалық бағыттары" атты халықаралық форум өтті.

Форум шеңберінде "Дене шынықтыру, спорт, туризм және білім беру практикасының өзекті мәселелері" бірінші халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы, "Кәсіптік даярлықтың өзекті мәселелері" дөңгелек үстелі, қызмет түрлері бойынша шеберлік сыныптары, ғылыми жобалар көрмесі ұйымдастырылып, кәсіби ақпаратты жаңарту және мамандардың кәсіби даярлығын жүйелі жетілдіру, инновациялық технологияларды енгізу, дене шынықтыру, спорт, туризм және білім беру саласындағы психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік проблемалар, сауықтыру және бейімделгіш дене шынықтыруды дамытудың мәселелері талқыланды.

Халықаралық форум жұмысына Қазақстан, Үндістан, Франция, Ресей, Қырғызстан, Украина, Өзбекстан өкілдері қатысты.

Форум аясында Қазақ спорт және туризм академиясының басшылығы Өзбек мемлекеттік дене шынықтыру және спорт университетімен, сондай-ақ Н.И. Лобачевский атындағы Нижний Новгород Ұлттық зерттеу мемлекеттік университетімен ғылым және білім және академиялық ұтқырлық саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.

Форум шеңберінде өткізілген "Дене шынықтыру, спорт, туризм және білім беру практикасының өзекті мәселелері" атты бірінші халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысу үшін студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және педагогикалық оқытушылар құрамының 100-ден астам баяндамасы келіп түсті.

Сөз сөйлеу нәтижелері бойынша конференцияның әрбір секциясы бойынша келесі номинациялар берілді:

  • шешендік өнерлі баяндама үшін;
  • креативті баяндама үшін;
  • үздік баяндама үшін 1, 2, 3 орындар.

Бірінші орын үшін ақшалай сыйлықтар берілсе, қалған номинациялардың жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды.

"Кәсіби даярлықтың өзекті мәселелері" атты дөңгелек үстел жұмысына атақты спортшылар мен ғалымдар, спорттың жоғары жетістіктерін дамытудағы ортақ проблемаларды біріктірген әртүрлі спорт түрлерінің еңбек сіңірген жаттықтырушылары қатысты.

Халықаралық форумның үшінші күні гранттық қаржыландыруды алған төрт ғылыми жоба бойынша көрменің ашылуымен жалғасты. Жетекшілер жобалардың орындалу барысы және алынған аралық нәтижелер туралы өздерінің стендтік материалдарын ұсынды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары