Жеңістің 80 жылдығы: Талдықорған мен Шымкентте әскери авиацияның ұшу жаттығулары өтіп жатыр

Фото: Қорғаныс министрлігі
Фото: Қорғаныс министрлігі
Авиациялық база басшылығының мәліметі бойынша, дайындық бекітілген жоспарға сәйкес қатаң түрде жүргізіліп жатыр.

Жеңістің 80 жылдығына арналған парадқа қатысатын Талдықорған мен Шымкент қалаларының әскери ұшқыштары шеберлігін шыңдап жатыр, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.

Министрліктің мәліметінше, олар екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Сергей Луганский атындағы 604-ші авиация базасында күн сайын дайындалып жатыр.

Көп мақсатты Су-30СМ жойғышымен экипаждар ұшып-қонып, жоғары пилотаж элементтерін орындауды пысықтап жатыр, бұл іс-қимыл барынша дәл және үйлесімді әрекетті қажет етеді.

"Жеңіс шеруіне Талдықорған мен Шымкенттен 12 ұшақ, 24 ұшқыш және инженерлік-техникалық құрамның 150-ге жуық маманы қатысады. Әуе шоуына қатысу үшін қатаң іріктеуден және арнайы дайындықтан өткен кіл мықты ұшқыштар таңдалды", – деді 21751 әскери бөлімінің командирі полковник Әбдімәжит Жанахметов.

Авиациялық база басшылығының мәліметі бойынша, дайындық бекітілген жоспарға сәйкес қатаң түрде жүргізіліп жатыр. Жаттығу барысында ұшу бағдарламасының барлық элементі мұқият пысықталады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз