Жемқорлардан тәркіленген қаражатқа 62 мектеп салынды

76 мың орынға шақталған екі ауысымдық мектептер Алматы, Астана және Шымкент қалаларында салынды.

Жалпы қор құрылған өткен жылдың желтоқсан айынан бері оның есепшотына 151,6 миллиард теңге түскен. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Жемқорлардан тәркіленген қаражат жинақталатын қор арқылы бүгінде еліміздің бірқатар өңірінде: Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 76 мың орынға шақталған (екі ауысымдық) 62 мектеп құрылысы қаржыландырылды.

Қордың қызметі мектептерді, қосалқы ғимараттарды және интернаттарды салу және қайта жаңғырту арқылы үш ауысымдық мектептер мен апатты оқу орындарының мәселелерін шешуге және жалпы білім беру мекемелеріндегі орын тапшылығын жоюға бағытталған.


Оқи отырыңыз: Жемқорлардан алынған қаражатқа 72 жаңа мектеп салынады.


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз