Астанада 10 және 11 тамыз күндері Тәжікстанның ауыл шаруашылығы, халық қолөнері және ұлттық тағамдары өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жәрмеңкеде жаңадан піскен жеміс-жидек пен көкөніс, табиғи бал, жаңғақ, кептірілген жеміс, дәмдеуіш және т.б. сатылады.
Сонымен қатар ұлттық қолөнер бұйымдары – былғарыдан, керамикадан, ағаштан жасалған бұйымдар, қолдан жасалған кілемдер, кәдесыйлар алуға болады.
Іс-шарада елорда тұрғындары мен қонақтары сол сияқты жаңа өнімдер, кәдесыйлар мен қолдан жасалған бұйымдар, дәстүрлі тәжік тағамдарын сатып ала алады.
Жәрмеңкенің негізгі сахнасында Тәжікстан мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен концерттік бағдарлама өтеді.
Жәрмеңке "Барыс-Арена" спорт кешеніне іргелес аумақта 10 тамыз сағат 11.00-ден 19.00-ге дейін, 11 тамыз күндері сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді.