Тікелей эфир

Жекеменшік үй саны бойынша Шымкент пен Түркістан облысы ең алдыңғы қатарда

Шымкент пен Түркістан облысы республикадағы жекеменшік үйлер саны бойынша көш бастап тұр.

Тұрғын үй сатып алуды жоспарлап отырған респонденттердің 90 пайызы тұрғын үй сатып алу қажеттілігімен келіседі. Олардың 33,9 пайызы биыл пәтер сатып алу мәселесін шешкен дұрыс деген нұсқаны таңдады. Ал алдағы үш жылда респонденттердің 31,6 пайызы ғана тұрғын үй сатып алуға дайын, делінген Freedom Finance Global зерттеуінде. 

Зерттеу бойынша, биыл тұрғын үй сатып алғысы келетіндердің 37,7 пайызы – 25-34 жаста. Алайда сатып алу қабілеті бойынша 35-55 жастағылар белсенді. Сондай-ақ биыл тұрғын үй сатып алуды жоспарлап отырған сауалнамаға қатысушылардың ең көп саны Ақмола облысында тұратыны белгілі болды. 

"Тұрғын үй сатып алуды жоспарлағандардың басым бөлігі жаңа, бірақ пайдалануға беріліп қойған үйді таңдайды. Негізінен салынып жатқан тұрғын үйді сатып алудан бас тартады. Бұл үрдіс жасқа байланысты өзгеріп жатыр. 18-24 жастағылар пайдалануға берілген жаңа ғимараттардағы үйлерді 60 пайыз жағдайда таңдайды. Ал 35-55 жастағылар 41% жағдайда қайталама тұрғын үйлерді таңдайды", – деді талдаушы Аңсар Абуев.


Оқи отырыңыз: Қазақстандықтардың 4,2 пайызы ғана екінші үйін жалға береді. Оның көбісі – жастар


Республикалық маңызы бар қалалар ішінде Шымкентте жағдай өзгеше. Онда респонденттердің 6,1 пайызы ғана "қазаншұңқырдан" үй сатып алуға дайын. Ал 51,5 пайызы қайталама нарықтағы үйді таңдайды. Мұнымен қатар 30,3 пайызы қала немесе жақын маңда жер учаскесі бар тұрғын үйді таңдайды. Ал көп пәтерлі тұрғын үй сатып алғысы келетіндер саны – 48,5%. 

"Шымкент пен Түркістан облысы республикадағы жекеменшік үйлер саны бойынша көш бастап тұр. Сондай-ақ, Шымкент пен Астанада Алматыға қарағанда, қолайлылығы көбірек үйлерді қалайды, ал оңтүстік астанада тұрғын үй алаңын кеңейтуді көбірек қалайтындар саны артық. Облыста қарастырылып отырған тұрғын үйлердің ішінде жеке салынып жатқан үй мен жер телімінің нұсқасы көш бастап тұр. Мұндай нұсқаны (45-50%) Алматыда да, Астанада да таңдайды, алайда жауаптарда аға буын (25-55 жас) көбірек көрінеді. 24 жасқа дейінгі адамдар көп пәтерлі көп қабатты үйдегі қалалық пәтерді таңдайды. Бөлме саны туралы сұрақта 3 бөлмелі нұсқа көш бастап тұр", – деп қосты маман. 

Сатып алушылардың жартысынан азы екінші нарықта мәміле жасағандарға тиесілі. Үрдіс сұралатындардың жасына да қатты тәуелді – респондент үлкейген сайын, ол қайталама нарықтың нұсқасын жиі таңдайды. 65% жуығы көп пәтерлі үйден пәтер сатып алғандарын мәлімдеді. Бұл ретте 2 бөлмелі пәтерді сатып алу нұсқасы ең танымал болды – оны сауалнамаға қатысушылардың 36,8% таңдады. 


Оқи отырыңыз: Қазақстан тұрғын үй компаниясы үлескерлерге арналған жеке кабинетті іске қосты


 

Серіктестер жаңалықтары