Тікелей эфир

Жеке спорт залдары мен пән кабинеттері. Жайлы мектептің қазіргі мектептен айырмасы қандай болады?

"Жайлы мектеп" жобасы аясында 2023-2025 жылдары 800 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы мектептер салынады.

Әр мектептің білім беру бағдарламасында мектеп орналасқан өңірдің ерекшеліктерді ескеріледі. Сонымен қатар даярлық, бастауышә және орта сыныптың спорт залы бөлек-бөлек болады. "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында салынатын мектептерге осындай талаптар қойылған. Жайлы мектептердің қазіргі мектептерден тағы қандай ерекшелігі болады?

Бұл туралы Informburo.kz порталының ресми сауалына Оқу-ағарту министрлігі жауап берді.

"Жайлы мектеп" жобасы аясында 2023-2025 жылдар аралығында 800 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы мектептер салу жоспарланған. Мектептер 300, 600, 900, 1200, 1500, 2000, 2500 орынға арналып бірыңғай стандартта салынады. 

"Жаңа жайлы мектептердің жобалары қауіпсіз білім беру ортасын құрумен, эстетикалық тартымдылығымен, жоғары білікті кадрлармен, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру пәндері бойынша білім берудің жаңа мазмұнымен ерекшеленетін болады. Бұл ретте, әрбір мектептің білім беру бағдарламалары орналасқан жері бойынша өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып жіберілетін болады", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: "Жайлы мектеп" жобасын жүзеге асыруға қанша педагог қажет?


Сонымен қатар, жайлы мектептерде бастауыш сыныптарға, негізгі және орта мектептерге арналған жеке блоктар болады.

Спорт залдарының саны мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес есептеледі. Спорт залдарын мектепалды даярлық сыныбы үшін және 1-4-сыныптар үшін, 5-11-сыныптар үшін бөлек жеке блоктарда орналастыру көзделген. Дене шынықтыру-спорт аймақтары мен жылжымалы ойындарға арналған алаңдар жабдықталады.

Тамақтану немесе буфет залдары бар асханалар да жеке блоктарда мектепалды даярлық сыныбы үшін және 1-4-сыныптар үшін, 5-11-сыныптар үшін бөлек орналасады.


Оқи отырыңыз:


Сондай-ақ, оқу кабинеттері, оқу зертханалары бар физика, химия, биология кабинеттері, 1:1 қатынасында компьютерлермен жабдықталған компьютерлік сыныптар, заманауи жабдықтармен, сондай-ақ логиканы дамытуға арналған кабинеттер, STEM-зертханалар, робототехника кабинеттері болады.

Айта кетсек, соңғы үш жылда жаңадан 592 мектеп ашылып, қолданысқа берілді.

Дегенмен, Қазақстанда әлі 140-қа жуық үш ауысымды мектеп, 33 апатты мектеп бар. "Жайлы мектеп" жобасы осы үш ауысымды оқыту және апатты мектептерде, сондай-ақ қазіргі заманғы стандарттарға сай келмейтін мектептерде оқыту проблемаларын шешу үшін қолға алынған. 

Серіктестер жаңалықтары