Тікелей эфир

Зейнетақының орташа мөлшері – 105 мың теңге

Елдегі зейнеткерлер саны 2 млн 246 мыңнан асты.

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,2 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді. 2022 жылғы мамырда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 235,4 млрд теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 71,3 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 163,2 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі. 

2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 246 мыңнан асты. Ал зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 105 189 теңге болды.

"Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ егер мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ын құрайды, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2% артады. Мысалы, егер сіздің өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 74%-ын, ал 30 жыл болса, онда 94%-ын құрайды. Еңбек өтілі 33 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде белгіленеді", – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: Қазақстанда зейнет жасындағы 9 мыңнан астам педагог қызмет етеді


Бір ай ішінде міндетті зейнетақы жарналары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды. Осылайша міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық көлемде аударылатын болса, зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.

Өз кезегінде азаматтың жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңдегі орташа айлық табысына байланысты болады.

Серіктестер жаңалықтары