Тікелей эфир

Зейнетақының 70 пайызы ұсталады. Қарттар үйінің тұрғындары мұны неге әділетсіз деп санайды

Бұл тәртіп 2016 жылдан бері қолданыста. Қарттар өз күтіміне зейнетақысының 70 пайызын бөледі.

Әлеуметтанушы Айгерім Жақыпбек "Айқын" басылымына берген сұхбатында қазақстандық қарттар үйінде тұратын зейнеткерлердің мәселесін көтерді. 

Оның айтуынша, Қазақстандағы қариялардың қарттар үйінде көрсетілетін қызметке көңілі толады. 

"Қарияларға барлық әлеуметтік-медициналық көмек қолжетімді. Қарттар үйінде белгілі бір кесте бар. Кесте бойынша ас ішу, демалу, бос уақытты өткізу уақыты көрсетілген. Ол жерде медициналық қызметкер (дәрігер, мейірбике, қараушы), психолог, психотерапевт, әлеуметтік қызметкер, заңгер және ас әзірлеушіден жүргізушіге дейін қызметкерлер жұмыс істейді. Бұл дегеніміз әр қарияға құқықтық, психологиялық, медициналық және бос уақытты ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсетіледі. Қарттар үйінде тұрып жатқан қарттардың барлығы алып жатқан қызметіне қанағаттанады", – дейді ол. 


Оқи отырыңыз: Қазақ қарияларын неге қадір тұтқан?


Дегенмен, қариялардың алаңдататын сұрақтарды бірі – олардың күтімі үшін зейнетақысынан ұсталатын ақшаның мөлшері. Олар төлемнің нақты санмен емес, пайыздық өлшеммен есептелетініне наразы. 

"Қарттардың зейнетақысынан оларды асырау үшін 70 пайызы ұсталады, бірақ бұл пайыз қарттардың зейнетақы мөлшеріне қарамайды. Мысалы, бірінің зейнетақысы 150 000 теңге  болса, екіншісі 70 000 теңге алуы мүмкін. Сол сомадан 70% ұсталады және бәріне бірдей әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Соған кейбір қариялар қанағаттанбайтынын айтты. Бұған олар әлеуметтік әділетсіздік деп қарайды", – деді әлеуметтанушы.

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
2

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары