Тікелей эфир

Зейнетақы жинақтарынан енді венчурлық қорларға қаржы құйылады. Ол кімге тиімді

БЖЗҚ қорына венчурлық қорлардың акицяларын сатып алу құқығы берілмек.

Қазақстанда инновация мен жаңа технологияларды дамыту үшін венчурлық секторға қомақты қаржы бөлінбек. Бұл орайда, инвестиция "Самұрық-Қазына" компанияларынан, банктерден, сақтандыру компанияларынан және зейнетақы қорларынан тартылмақ. 

Бұл үшін Қазақстанның Кәсіпкерлік кодексі мен Әлеуметтік кодексіне өзгертулер енгізу жоспарланып отыр. Өзгертулер жобасы дайын, ол жақын уақытта Мәжілістің талқылауына ұсынылады. 

Цифрлық даму министрлігінің түсіндірме жазбасына сәйкес, бұл шара президенттің венчурлық қорларды қаржыландыруға шетелдік және отандық инвесторларды тарту жөніндегі тапсырмасымен орындау үшін қолға алынған. 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры енді венчурлық қорлардың жарғылық капиталындағы үлестерді немесе қатысу үлестерін сатып ала алады. Сәйкесінше, одан инвестициялық табыс көруге де құқылы болады. Егер жобалар табысты жүзеге асып жатса, жоғары инвестициялық табыс есебінен қазақстандықтардың жеке жинағының сомасы да арта түседі.  


Оқи отырыңыз: Қазақстанда базалық зейнетақы 2027 жылға дейін қалай өзгереді?


 

Серіктестер жаңалықтары