Зейнетақы жинағын бұрынғы шарттармен пайдалану үшін 28-29 наурызға дейін өтініш беру керек.
1 сәуірден бастап зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегі көтеріледі. Отбасы банкі жинақтағы артылған соманы бұрынғы шарттармен пайдалану жолын түсіндірді.
Біржолғы зейнетақы төлемдерін бұрынғы шарттармен пайдалану үшін қазақстандықтар 2022 жылдың 28-29 наурызына дейін enpf-otbasy.kz платформасында өтініш беруі қажет. Отбасы банк өтінішті 2 күн ішінде қарап, БЖЗҚ-на жібереді.
"БЖЗҚ 2022 жылдың 31 наурызына дейін қабылдаған өтінімдер бойынша БЗТ 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін жарамды шекті мәндерге сәйкес аударады", – деп жазылған хабарламада.
БЗТ Отбасы банкіндегі арнайы шотқа түскен күннен бастап салымшыға таңдаған мақсатын растап, қажетті құжаттарды тіркеп үлгеру үшін 20 жұмыс күні беріледі. Оны enpf-otbasy.kz порталындағы жеке кабинетте жасауға болады.
Тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша барлығы15 мақсат, емделу бойынша 7 мақсат бар. Олардың әрқайсысы бойынша қажетті құжаттар тізімі порталда жарияланған.
Оқи отырыңыз: Зейнетақы жинақтарының шекті межесін көтеру мерзімі 1 сәуірге дейін ұзартылды
2021 жылдың 16 желтоқсанында Тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында БЗТ пайдалану қағидаларындағы өзгерістер күшіне еніп, қазақстандықтар БЗТ арқылы Отбасы банкіндегі депозитін толықтыра алатын болды. Содан бері 62 мың қазақстандық Отбасы банкіндегі депозиттерін жалпы сомасы 107 млрд теңгеге толықтырған.
2022 жылдың 5 наурызынан бастап БЖЗҚ салымшысы шешімін өзгерткен жағдайда, Отбасы банкіндегі депозитті жаппай БЗТ зейнетақы қорына қайта қайтару мүмкіндігі туды. Бұрын оны тек салымды тоқтату шартымен қайтара алатын.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥳 Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина тұңғыш рет WTA 1000 турнирінің жеңімпазы болды
-
302
-
0
-
7
-
-
2🗳 Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады
-
274
-
0
-
2
-
-
3👷♂️ Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көбірек келеді?
-
272
-
0
-
0
-
-
4✍️ Мемлекет басшысы салық кодексін өзгерту не толықтыру туралы заң жобасына қол қойды
-
243
-
0
-
0
-
-
5«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
-
240
-
0
-
0
-
-
6💌 Тоқаев Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі жеңісімен құттықтады
-
246
-
0
-
4
-
-
7🦌 Қостанайда полицейлер қалаға кіріп кеткен елікті құтқарды
-
245
-
0
-
3
-
-
8ТМҰ байқаушылары: сайлау ашық және халықаралық стандарттарға сәйкес болды
-
255
-
0
-
2
-
-
9📨 Шетелдегі Қазақстандықтардың 72,54%-ы дауыс берді
-
251
-
0
-
1
-
-
10🚆 Астана – Бурабай бағытында «Наурыз» мерекелік пойыз қатынай бастады
-
232
-
0
-
0
-