USD: 486.9 / 489.9
  • EUR: 561.5 / 566.5
  • RUB: 6.43 / 6.55
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Жазушы Мұхтар Мағауин АҚШ-та жерленеді. Жаназасы Мэриленд штатында өтеді

Мұхтар Мағауин. Фото жазушының жеке сайтынан алынды
Мұхтар Мағауин. Фото жазушының жеке сайтынан алынды
Жаназа намазы 11 қаңтар жергілікті 10:00-де оқылады.

Қазақ халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің жаназасы АҚШ-та оқылып, ол осы елде жерленетіні белгілі болды. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі АҚШ-тағы қазақтар қауымдастығына сілтеме жасап хабарлады. Бұл ақпаратты жазушының ұлы Едіге Мағауин жеткізген. 

Агенттіктің жазуынша, "Мұхтар Мағауиннің жаназасы қаңтардың 11-і, сенбі күні сағат 10:00-де Ленхем қаласындағы түріктің Diyanet Center of America мешітінде оқылады, қонақасы да сол орында 13:00-де беріледі. Жерлеу рәсімі 11:00-де Parklawn Memorial зиратында өтеді", – деп жазылған жазушының ұлы Едіге Мағауиннің отандастарына жіберген хабарламасында.

Мұхтар Мағауин бүгін АҚШ-та 85 жасқа қараған шағында дүниеден озды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жазушының қазасына орай, марқұмның отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айту жеделхатын жолдады.  


Оқи отырыңыз: 


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз