"Қазгидромет" РМК 9-11 қараша аралығында Қазақстан аумағына арналған ауа райы болжамын ұсынды.
"Қазақстанның басым бөлігінде алдағы үш тәулікте ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады", – деп жазылған хабарламада.
9 қарашада оңтүстікте, 10 қарашада батыста, 9-10 қарашада оңтүстік-шығыста, 11 қарашада республиканың шығысында жаңбыр, қар түріндегі жауын-шашын болады.
Республика бойынша жел күшейеді. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында көктайғақ болады.
Оқи отырыңыз: Жазда қан қысымы неге төмен болады? Кардиологпен сұхбат
Осы кезеңнің соңына қарай Қазақстанның оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы түнде -2...+3 аралығында болса, таулы аймақтарда 5-10 градусқа дейін төмендейді.