Тікелей эфир

Жауын, бұршақ, дауыл: 7 тамызға арналған ауа райы болжамы

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады.

7 тамыз күні еліміздің солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр жауып, бұршақ жауады және дауыл тұрады. Қазақстанның батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болмақ. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.

Қазақстан бойынша жел күшейіп, еліміздің оңтүстігінде желдің соңы шаңды дауылға айналады. Қазақстанның солтүстігінде түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында 35-38 градус, Маңғыстау облысында 38-41 градус ыстық болады.

Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақаталады.


Оқи отырыңыз: Қызыр қамшысы, бесқонақ, бөрісырғақ. Қазақ халқы ауа райын қалай болжаған?


 

Серіктестер жаңалықтары