TikTok платформасы оны қолданушылардың уақытын реттеу және әлеуметтік желінің олардың денсаулығы мен әл-ауқатына зиянын тигізбеуі үшін бірқатар функцияны іске қосты. Олар қосымшада "Уақыт және әл-ауқат" атты жаңа бөлімге біріктірілген.
Қазіргі таңда платформадағы жасөспірімдердің аккаунттарына арналған қауіпсіздік және басқару құралдарының саны 50-ден асқан. Оның ішінде биыл іске қосылған жаңалары келесілер:
- "Белсенді емес уақыт" функциясы. Ол ата-анаға баласының қосымшаны қолдану уақытын басқаруға мүмкіндік береді. Белсенділік артып кеткенде қосымшаны қолдану шектеледі.
- "Медитация" функциясы. Ол күнделікті сағат 22:00-де автоматты түрде қосылады және жасөспірімнің күнді жайлы эмоциямен аяқтауына мүмкіндік береді. Алдағы уақытта TikTok оны бүкіл қолданушыға да ұсынуды жоспарлап отыр.
Бұлардан бөлек, адамдардың әлеуметтік желіні саналы түрде қолдануға үйрететін "Ұйқы уақыты", "Экран уақыты", "Отбасылық параметрлер" сынды өзге де миссиялар енді "Уақыт және әл-ауқат" атты жеке бөлімге біріктірілмек.
"Мұндай бастаманың өзектілігін зерттеулер де растайды. Сауалнама деректері бойынша, TikTok пайдаланушылары платформаны қолданбайтындарға қарағанда медитация мен саналылық тәжірибелеріне 14%-ға жиірек қызығушылық танытады", – делінген хабарламада.

Бұл орайда қолданушыларға келесі қызметтер қолжетімді болады:
- Аффирмациялар күнделігі – мотивациялық көңіл-күй сыйлайтын 120-дан астам карточка. Оларды пайдаланушылар өздері қолдана алады, сондай-ақ басқалармен де бөлісе алады.
- Жұбатушы дыбыстар генераторы – жаңбырдың, теңіз толқындарының және басқа да дыбыстар. Олар демалуға және қоршаған ортадағы жағымсыз дыбыстарды басуға көмектеседі.
- Тыныс алу жаттығулары – күннің қарбалас сәтінен кейін қалпына келуге, күйзелісті азайтуға, фокусқа қайта оралуға немесе ұйқыға дайындалуға арналған қарапайым тәсіл. Үзіліс жасау және тыныштық сезімін қайта қалпына келтіру қажет болған кез келген уақытта қолданылады.
Сондай-ақ, жаңа бөлімде контент авторларының практикалық кеңестері бар: экран уақыты шектеулерін орнату, ұсыныстар таспасын баптау және "Отбасылық параметрлерді" пайдалану тәсілдері туралы бейнероликтер бар.
USD:
507.5 / 510.9
EUR:
590.5 / 595.5
RUB:
6.51 / 6.63

