Тікелей эфир

"Жасанды көл тасуы мүмкін". Ұзынағаш тұрғындары кәріз қалдығы жиналатын орынға қатысты наразылық білдірді

Бұған дейін тұрғындар лас ауаға шағымданған болатын.

Алматы облысында кәріз қалдықтарын тастайтын орын толып тұрғындарға қауіп төндірді. Тұрғындар қолдан жасалған "көл" ағып, үйін тасқын ала ма деп қорқып отыр. Себебі ұзақ жылдан бері жатқан тіршілік нәрі жердің асты арқылы жайылып, өзенге құйылған, деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы. 

Таза ауамен демалудан қалған Ұзынағаш ауылының жұрты кәріз қалдықтары жиналатын орынға қатысты наразылықтарын білдірді. Айтуларынша, күні-түні тоқтаусыз жүретін ассенизаторлар арнайы бассейндерді толтырып тастаған. Енді жағымсыз иіс маңайға жайылып, жұрт демалудан қалып отыр. 

"Жоғарыда тұрған бассейндерге құйылады. Су кез келген жерді тесіп шығады. Біз ақырындап жағымсыз иіске үйреніп қалдық. Бірақ қазір айналада не болып жатқанын өздеріңіз көріп тұрсыздар", – деді деді Ұзынағаш ауылының тұрғыны Әбусаид Ергешов. 


Оқи отырыңыз: Үйін бесінші жыл қатарынан су басқан ақтөбеліктер мемлекеттен баспана сұрады


Тұрғындар кәріз қалдықтарының жер астымен өтіп, жақын маңдағы өзенге құйылып жатқанын айтады. 10 метр тереңдіктен су қазып отырған тұрғындар түрлі ауру тарала ма деп қорқады. 

"Ол өзен осы Ұзынағаштың ішін аралап кетеді. Сөйтіп одан мал да ішіп жатыр. Орталық суы жоқ болған соң, елдің бәрі ішеді", –  деді Ұзынағаш ауылының тұрғыны Жұмажан Емерұлы. 

Қазір ауыл маңында жиырмадан астам кәріз жинау алабы бар. Жауапты мамандар ұзақ жылдан бері тұрған қалдық тастайтын орынның ескіргенін мойындайды. Бұл мәселені шешу үшін жақын маңнан тағы екі арнайы бассейін қазбақ.

"Бізде полит фильтрацияның тозығы жеткен. Соның 90 пайыздан астамы толып тұр. Енді бұл мәселені шешу үшін 2021 жылы жобалық-сметалық құжат дайындалған. Ол жерде полит фильтрацияға 100 гектар жер бөлінген", – деді Жамбыл ауданы ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Қайсар Әпсейітов. 


Оқи отырыңыз: Су тасқыны: Қазақстан мешіттерінде имамдар дұға жасады


Тұрғындар ауылға көлік келуін тоқтатқанын қалайды. Өйткені жерасты арқылы өткен су топырақты опыруы мүмкін.  

Серіктестер жаңалықтары