Тікелей эфир

Жас журналистер арасындағы "Generation Zertteu" жобасының жеңімпаздары анықталды

Оларға журналистік зерттеу жүргізу үшін 500 мың теңге көлемінде сертификаттар табысталды.

Алматыда 21-29 жас аралығындағы жас журналистер арасындағы "Generation Zertteu" үздік зерттеу жобасы республикалық байқауының екінші кезеңі мен жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Бірінші тур барысында іріктелген 20 қатысушысы өздерінің журналистік жобаларын таныстырды. Арманжан Байтасов, Сағымбай Қозыбаев, Нұржан Мұхамеджанова, Ержан Сүлейменов, Рустам Мақсұтов, Жайнагүл Төлемісова және Ұлбике Шиналиев сынды тәуелсіз қазылар алқасынан жасақталған құрам 4 жеңімпазды таңдады.

Жоба жеңімпаздары:

  • Назерке Абибулла Informburo.kz-тен жастарды кәсіптік бағдарлау туралы лонгрид жобасы;
  • Маржан Қапан "Platon Asia" ААП-тан подкаст сериялары жобасы;
  • Ерлан Шаншарханов Krea TV Media-дан маргинал жастар туралы бейне репортаж жобасы;
  • Кирилл Каргаполов The Village басылымынан еңбек құлдығы туралы репортаж жобасы.

Жеңімпаздарға журналистік зерттеу жүргізу үшін 500 мың теңге көлемінде сертификаттар табысталды.

Конкурс жас журналистердің әлеуетін арттыру және қазіргі елдегі өзекті мәселелері бойынша маңызды журналистік зерттеу және талдамалық жобаларды анықтау арқылы Қазақстандағы зерттеу журналистикасы бағытын дамытуға жәрдемдесу мақсатында өткізілді. Жоба жеңімпаздары журналистік зерттеу жүргізіп, нәтижелерін 2022 жылдың 28 ақпанына дейін жариялайды.

Жобаны "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ, Арманжан Байтасов атындағы медиа мектебінің қолдауымен және "Медиа дамыту қоры" КҚ тапсырысы бойынша "Almaty Nomad" саяхатшылар клубы" ҚБ жүзеге асырады.

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары