USD: 485.5 / 488.1
  • EUR: 554.5 / 559.5
  • RUB: 5.97 / 6.09
Тікелей эфир
Алматы +31C
Все города

"Жас ғалым" мәртебесі енді 44 жасқа дейін беріледі – Асхат Аймағамбетов

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Енді ғалымдардың гранттар мен арнайы стипендиялар алуға мүмкіндігі артады.

Қазақстанда "Жас ғалым" мәртебесінің жас шектеуі ресми түрде 44 жасқа дейін ұзартылды. Бұл туралы мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов хабарлады

"Көптеген зерттеушілер PhD дәрежесін 30-32 жас шамасында алады, ал медицина сияқты ұзақ даярлықты қажет ететін бағыттарда бұл кезең одан да кеш келеді. PhD докторы атанып, нағыз тәжірибе жинап, үлкен зерттеулерді бастаған шағында ғалымдар 35-ке толып үлгеретін. Салдарынан ең өнімді жұмыс істейтін шағында олар жас ғалымдарға арналған мемлекеттік гранттардан, стипендиялардан, тіпті баспана бағдарламаларынан қағылып қалатын. Енді біз бұл әділетсіздікті өзгерттік", – деп жазды ол. 

Депутаттың түсіндіруінше, заңдағы жаңа өзгерту бойынша, жас ғалым болып жасы 44-ті қоса алғандағы, ғылыми жұмыс өтілі 10 жылдан аспайтын (бала күтіміне байланысты 3 жылға дейінгі демалыс уақытын есептемегенде) зерттеуші саналады.

"Бұл өзгеріс гранттарға жол ашады. Жас ғалымдарға арналған миллиардтаған теңгенің арнайы мемлекеттік гранттық байқауларына енді 44 жастағы зерттеушілер де тең құқылы қатыса алады (ғылыми жұмыс өтілі 10 жылдан аспайтын). Сондай-ақ, арнайы стипендияларды алуға мүмкіндік береді. Жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендияларды иеленуге толық құқық беріледі", – деді депутат. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз