Офицер жарақатты жоспардан тыс сабақ өткізу кезінде алған.
Жетісу облысында Жаркент гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінің офицері жарақат алып, қаза болды, деп хабарлады ҚР Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі.
Трагедияға диверсияға қарсы қауіпсіздік бойынша жоспардан тыс сабақтар өткізу барысында қауіпсіздік шараларын бұзу себеп болған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.
Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына барлық қажет көмек көрсетілетінін хабарлады.