USD: 467.7 / 470.1
  • EUR: 534.0 / 539.0
  • RUB: 5.61 / 5.73
Тікелей эфир
Алматы +28C
Все города

Жапон ғалымдары коронавирустан өмір бойына қорғайтын екпе әзірлеп жатыр

Мамандар оны 2023 жылы сынақтап өткізбек.

Токио ғалымдары коронавирусқа қарсы өмір бойына иммунитет қалыптастыратын вакцина әзірлеуге кірісті. Ол 2023 жылдан бастап сынақтан өткізіледі.

The Japan Times басылымының мәліметінше, профессор Митинори Кохара бастаған зерттеушілер XVIII ғасырда жасалған шешекке қарсы вакцинаны негіз етіп алған. Оның құрамында адамға зиянсыз сиыр шешегінің вирусы болып, бұл әлем бойынша шешектің таралуын тоқтатуға мүмкіндік берді.

Енді ғалымдар құрамында коронавирусы бар рекомбинантты вакцина вирусын жасауға ниетті. Олар мұндай препарат иммунитеттің коронавирусқа өмір бойы қарсы тұра алуына ықпал етеді деп есептейді. Дегенмен, жаңа штамдарға байланысты жағдайдың қандай болатыны әзірге белгісіз.

"Мен аденовирус пен РНҚ вакциналары сияқты әртүрлі вакцина технологияларымен жұмыс істедім. Алайда шешек вакцинасы вирусының векторын қолданатын препараттар бәрінен де күшті болып отыр", – деді профессор Митинори Кохара.

Еске салсақ, Қазақстан профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман "Омикрон" штамының "Дельтаға" қарағанда 80% жеңіл өтетінін мәлімдеген еді. Маманның айтуынша, "Омикрон" пандемиясы асқан жұқпалылығымен ерекшеленеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау