USD: 470.1 / 472.9
  • EUR: 547.5 / 552.5
  • RUB: 6.31 / 6.43
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Заңсыз спирт, жалған бренд: Абай облысында жасырын алкоголь өндірген цех әшкереленді

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
10 мың литр спирт тәркіленді.

Абай облысында заңсыз алкоголь өндіретін жасырын цехтың қызметі әшкереленді. Операцияны ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Абай облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен және Семей қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп жүргізген.

Тергеу барысында Семей қаласының тұрғыны тиісті лицензиясыз алкоголь өндіруді ұйымдастырғаны анықталған.

"Алкоголь өнімдері әртүрлі орынжайлар мен гараждарда спиртті сумен араластыру арқылы дайындалып, кейін танымал брендтердің атауымен бөтелкелерге құйылған. Өнімді заңды етіп көрсету үшін жалған есепке алу-бақылау маркалары қолданылған. Тінту кезінде Finsky Ice және "Сибирские морозы" атауларымен 12 мыңнан астам бөтелке дайын өнім, 8 мыңнан астам бос бөтелке, 10 мың литрден астам спирт құрамды сұйықтық, сондай-ақ жалған маркалар мен өндірістік жабдықтар тәркіленді. Сот санкциясымен цех орналасқан жекеменшік үйге және өнімді тасымалдауға пайдаланылған үш автокөлікке тыйым салынды", – делінген хабарламада.

Күдіктіге қатысты елден шықпау туралы бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Агенттік жалған алкоголь өнімдерінің адам өмірі мен денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіретінін ескертті. Мұндай өнімдерді тұтыну улануға, ішкі ағзалардың зақымдануына, тіпті өлімге әкелуі мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз