АҚШ-та 6 желтоқсанда (жергілікті уақыт) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен кубалық Эрисланди Лараның арасындағы бірден үш белбеуді сарапқа салатын жекпе-жекті қазақстандық жанкүйерлер "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналарының тікелей эфирінен 7 желтоқсан күні таңғы 06:00-де (қазақстандық уақыт) көре алады.
Жәнібек Әлімханұлы – WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы болса, Эрисланди Лара – WBA тұжырымы бойынша Әлем чемпионы.
Еске салайық, жекпе-жегі АҚШ-тың Техас штатының Сан-Антонио қаласында Frost Bank Center аренасында өтеді. Жәнібек Әлімханұлы осыған орай Америкадағы өз жанкүйерлерін аренаға Қазақстанның көк туын желбіретін келуді сұраған болатын. Сондай-ақ, ол қазақстандықтарды және өзге де жанкүйерлерін бұл жекпе-жекке бәс тікпеуге шақырды.
USD:
505.5 / 508.5
EUR:
587.5 / 592.5
RUB:
6.47 / 6.59

