Прямой эфир Новости спорта

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін күресте жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы қарсыласын екінші раундта нокаутқа жіберді.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы екінші раундта канадалық қарсыласы Стивен Батлерді нокаутқа жіберіп, WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін күресте жеңіске жетті.

Қазақстандық үшін бұл екінші титулдық жекпе-жек болды. Өткен қарашада Әлімханұлы британ боксшысы Дензель Бентлимен (18-2-1, 15 КО) жекпе-жек өткізіп, оны бірауыздан төрешілер шешімімен жеңген еді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Top Rank Boxing (@toprank)

Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста он төртінші жекпе-жекте жеңіске жетті, ал Стивен Батлер карьерасында төртінші рет жеңіліске ұшырады.


Оқи отырыңыз: 19 жастағы Санжар Тәшкенбай бокстан әлем чемпионы атанды


 

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары