Президент сәйкес жарлыққа қол қойды.
Президент жарлығына сәйкес, Жандос Шаймарданов Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болды.
"Жандос Нұрланұлы Шаймарданов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын", – делінген президент жарлығында.
Жандос Шаймарданов 2022 жылғы ақпаннан бері Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы қызметін атқарған болатын.