ЖРВИ-мен қатар қалада тұмау көп тіркелуде.
1 қазаннан бастап 37 дәлелденген сынамадағы H3N2 тұмауының нұсқасы зерттелді. Бұл тұмаудың басы ғана десек те болады. Сондай-ақ, биыл ЖРВИ жағдайы көбейді, деп мәлімдеді Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин.
"Дәл қазір Алматы қаласында Sputnik-V, Vero Cell, Pfizer және отандық QazVaq екпелері бар. Басқа түрлері белгісіз, әзірге осы 4 түрін пайдаланамыз. Сәуір айында екпе салу маусымын бастаған кезде алдымызға оны Алматы тұрғындарының 70%-ына саламыз деп мақсат қойдық. Бұл мөлшер коронавирустық инфекцияның таралмауы үшін қажет. Бүгінгі таңда осы көрсеткішке жетуге әрекет етіп жатырмыз", – деді Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали.
Сондай-ақ, маман қалада коронавирустық инфекцияның таралуына шеткі аймақтардан кіріп-шығатын азаматтардың әсері бар екенін айтып өтті.
"Біз үнемі Алматының үлкен мегаполис екенін айтамыз. Жақын маңдағы өңірлерден қалаға кіріп-шығатын азаматтар болады. Мысалы, шамамен 2 миллионға жуық азамат тұрақты тұрып жатса, оның үстіне тағы 500-ге жуық азаматты қосып есептесек болады", – деді Лаура Мырзағали.
Жандарбек Бекшин жалпы қала бойынша 1 313 000 адамға екпе салу жоспарланып отырғанын және вакцинаның жеткілікті екенін айтты. Мұнымен қатар, ол биыл ЖРВИ-дің өрши түскеніне тоқталды.
"Коронавирус індетінің аурушаңдығы апта сайын төмендеп келеді. Өткен жеті күнде 405 жағдай тіркелсе, оның алдында ғана 460 науқас тіркелген еді. Бір ай ішіндегі аурушаңдықтың да айтарлықтай төмендегенін айтуға болады. Бірақ қазір қалада ЖРВИ мен тұмау маусымы басталып жатыр. Былтыр бірде-бір тұмау болмаған еді. 1 қазаннан бастап 37 дәлелденген сынамадағы H3N2 тұмауының нұсқасы зерттелді. Бұл тұмаудың басы ғана десек те болады. ЖРВИ-ді алатын болсақ, оның таралу деңгейі былтырға қарағанда 4 есе жоғары. Ал былтыр мұндай көп тіркелмеген еді", – деді Жандарбек Бекшин.
Сондай-ақ, қаланың бас санитар дәрігері тұмау мен ЖРВИ-ге қатысты локдаун болып, көптеген мекеменің онлайн жұмыс істеуге мәжбүр болғанын еске салды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-