Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы қызметін Қарлығаш Әбдіжаббарова уақытша атқарады.
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин зейнетақыға шығуына байланысты 5 қаңтардан бастап қызметінен кетеді. Мәліметті бас санитар дәрігердің өзі растады.
27 желтоқсаннан бастап Бекшин кезекті демалыста.
"Менің келісімшартым аяқталды. "Мемлекеттік қызмет" заңына сәйкес зейнеткерлер тағы бір жыл қосымша жұмыс істей алады. Маған бір жыл ұзартып бергендіктен, екінші рет бұлай жасай алмаймыз. Сол себепті қаңтар айында кетемін", – деді Жандарбек Бекшин "БЕСсимптомно" Telegram-каналына.
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы қызметін Қарлығаш Әбдіжаббарова атқарады. Ол қазір Алматы қалалық ССК орынбасары.
Еске салсақ, Жандарбек Бекшин 2020 жылдың сәуір айынан бастап Алматыда тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің жетекшісі болып тағайындалды. Бұған дейін ол ҚР-ның бас мемлекеттік санитар дәрігері болды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Тоқаев Үкіметке Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды
-
376
-
0
-
6
-
-
2🚨Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Газиантеп қаласында іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті
-
369
-
0
-
6
-
-
3🚦Астана, Алматы мен Шымкентте жол ережесін бұзудың 86%-ы стационар камера арқылы анықталған
-
337
-
0
-
1
-
-
4Қазақстаннан тағы 60 құтқарушы Түркияға көмекке барады
-
320
-
0
-
2
-
-
5Алматы облысында 8 автокөлік соқтысып, жол апатынан бір адам қайтыс болды
-
315
-
0
-
0
-
-
6Ақмола облысында 1,3 млрд теңге бюджет қаржысын жымқыру бойынша күдіктілерге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды
-
315
-
0
-
2
-
-
7Бала күтіміне төленетін жәрдемақыны қалай есептеуге болады?
-
311
-
0
-
2
-
-
8Зейнетақы жинағын пайдалану: 2023 жылы қанша өтінім және қандай мақсатта мақұлданды?
-
312
-
0
-
2
-
-
9Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды
-
296
-
0
-
2
-
-
10Түркия мен Сирияда қаза тапқандар саны 8 мыңға жуықтады
-
324
-
0
-
3
-