Тікелей эфир

Жаңбыр жауып, жел күшейеді: Үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бірқатар аймақта жауын-шашын болмайды.

Қазақстанның басым бөлігінде алдағы күндері ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" баспасөз қызметі. 

"Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ҚР аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Найзағай соғады, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Еліміздің солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарында ғана жауын-шашын болмайды", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, республиканың көп бөлігінде температуралық фонның біртіндеп жоғарылауы күтіледі.


Оқи отырыңыз: Қазақстан климаттың өзгеруіне әсер ету рейтингінде соңғы орында тұр


 

Серіктестер жаңалықтары