USD: 472.1 / 474.7
  • EUR: 542.0 / 547.0
  • RUB: 5.61 / 5.73
Тікелей эфир
Алматы +23C
Все города

Жаңбыр, бұршақ, дауыл: 17 облыста дауылды ескерту жарияланды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қазақстанның басым бөлігінде найзағай, дауыл және аптап ыстық күтіледі.

"Қазгидромет" РМК 4 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялап, Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр, найзағай, қатты жел, бұршақ және дауыл күтіледі. Кей аймақтарда ауа температурасы 35–40 градусқа дейін көтеріліп, өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Алматы, Жетісу, Ұлытау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында жаңбыр, найзағай, екпінді жел, кей жерлерде бұршақ пен дауыл болжанып отыр.

Алматы облысының таулы және кейбір аудандарында желдің екпіні 25 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Алматы қаласында да жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Жетісу облысында, әсіресе Алакөл маңында, желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында күндіз ауа температурасы 35–38 градусқа дейін көтеріледі.

Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында да 35–38 градус ыстық күтіледі.

Түркістан облысында шаңды дауыл болуы мүмкін. Шымкент пен Түркістан қалаларында жаңбыр, найзағай және желдің күшеюі болжанады. Сонымен қатар бірқатар өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.

Мамандар тұрғындарды ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақтық шараларын сақтауға, қатты жел кезінде қауіпсіздік ережелерін ұстануға және өрт қаупі жоғары аймақтарда аса мұқият болуға шақырды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау