Жаңаөзенде жергілікті тұрғыннан жарты тоннадан астам бекіре балығы тәркіленді

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Тәркіленген балық салмағы 508 келі болды.

Жаңаөзенде жергілікті тұрғыннан бекіре балығы тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл заңбұзушылық "Бекіре" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталған.

"Маңғыстау облысының криминалдық полиция қызметкерлері Жаңаөзен қаласында сирек кездесетін балықтарды заңсыз сақтаған жергілікті тұрғынды ұстады. Тәркіленген балық салмағы 508 келі болды. Ер адамнан жарты тоннадан астам бекіре тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

ІІМ "Заң мен Тәртіп" принципі бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз