Жаңа жыл қарсаңында болатын пойыз билетінің дефициті қалай шешіледі?

Желтоқсанның 25-іне қарай қолданыстағы пойыздарға қосымша вагондар қосылады.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ бас директорының орынбасары Сергей Балашов Қазақстанда жаңа пойыз бағыттарын ашу әзірге жоспарда жоқ екенін, бірақ қосымша вагондар қосылатынын мәлімдеді.

"Қазір анализ жасап жатырмыз. Қосымша пойыздар қосу туралы әзірге ақпарат жоқ, бірақ қосымша вагондар қосамыз. Жаңа жыл жақындағанда билет қалмайды. Сондықтан желтоқсанның 25-іне қарай қосымша вагондар қосылады", – деді "Жолаушылар тасымалы" АҚ бас директорының орынбасары. 


Оқи отырыңыз: Астанадан Бурабайға жаңа жылдық вагондары бар электр пойызы жолға шықты


Сергей Балашов пойыздардың неліктен кешігетінін түсіндірді.

"Пойыздардың кешігуінің негізгі себептерінің бірі – ауа райы. Одан кейін кейбір учаскелерде рельстен шығып кетіп жатады. Қауіпсіздік мақсатында пойыздың өзінде жөндеу жұмыстары жүргізілетіндіктен жылдамдықты шектеуге тура келеді де, уақытынан кешігеді. Бұл мәселені шешу үшін жұмыстар жүргізіліп, үнемі шаралар қабылданады. Пойыздардың кешігу уақыты қысқарып жатыр", – деді Сергей Балашов.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз