Жаңа шектеу: енді Ресейде шетел азаматтары курьер болып жұмыс істей алмайды

Фото: Олег Золото / MR7
Фото: Олег Золото / MR7
Жаңа ереже үш айдан кейін күшіне енеді.

Ресейде мигранттарға шектеу көбейді. Енді Санкт-Петербург қаласында шетел азаматтары курьер болып жұмыс істей алмайды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Жаңа қаулыға қаланың губернаторы Александр Беглов қол қойған. Жергілікті билік бұл шаралар көлеңкелі еңбекпен күресуге, курьерлік қызметтердің қауіпсіздігін арттыруға және ең алдымен студенттер мен жастарға арналған жұмыс орындарын ашуға бағытталған деп отыр. 

Жаңа ереже үш айдан кейін күшіне енеді. 

Бұл Санкт-Петербургтегі мигранттарға салынған алғашқы тыйым емес. Өткен айда ғана губернатор Беглов шетелдік азаматтарға такси жүргізуге және жалға алынған көліктермен жолаушы тасымалдауға да шектеу енгізген болатын. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз