Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайын Қазақстан Халқына Жолдауында "Әділетті Қазақстан" құру мәселесін қозғайды. Бұл жолда жоғары өкілді билік тармағына қатысты реформалар әзірленіп, жаңа Конституция қабылданды.
Жаңа Ата Заң 11 бөлім мен 96 баптан тұрады. Конституцияда адам құқықтарына, "Әділетті Қазақстан" және "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" құруға, билік тармақтарының тепе-теңдігіне басымдық береді. Жаңа Конституцияда Заң мен Тәртіп қағидатын ұстану, адам құқықтары мен бостандықтары мүлтіксіз сақталатыны жазылған.
Конституцияға енгізілген негізгі өзгерістер билік тармағаны қатысты реформалар деуге болады. Атап айтқанда, Парламент Мәжілісі мен Сенаттың орнына бір палаталы жаңа парламент – Құрылтай құрылады. Депутаттар төрт жылға емес, бұдан былай бес жылға пропорционалды жүйемен сайланады. Сонымен қатар, вице-президент лауазымы енгізіліп, оны Құрылтай келісімімен Қазақстан президентінің өзі тағайындайды. Қазақстандағы мұндай саяси жаңғырулар қоғамдық өмірге әсер етіп қана қоймай, экономикалық өзгерістерге ұласады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Ана тілі" газетіне берген сұхбатында Әділетті мемлекет деген – құқықтық мемлекет екенін және мұндай елде азаматтардың бәрі заң алдында тең болатынын атап өткен еді. Сондықтан мұндай мемлекет болуға ұмтылатын ел азаматтардың бәріне тең мүмкіндік беріліп, өркениетті елге айналуға бет бұрады. Әділетті ту еткен мемлекетте заң және тәртіп үстемдік етеді. Адамдар арасында өзара түсіністік, жауапкершілік бәрінен биік тұрады. Заң үстемдігін қамтамасыз ету үшін құқық қорғау мекемелері мен аймақ басшыларына талап күшейеді.
Осылайша Жалпыхалықтық референдумда қабылданған конституциялық өзгерістер баршаға тең мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстанның символы бола түсті.
“Жалпыұлттық референдум Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасының жарқын көрінісі болып отыр. Мемлекеттік маңызы бар шешімдерді қабылдарда халықтың пікірі ескеріледі. Ал азаматтардың дауысы – жоғары азаматтық жауапкершіліктің белгісі екені анық”, – деді Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев.
USD:
481.1 / 484.1
EUR:
556.5 / 561.5
RUB:
5.85 / 6.05

