Мәжіліс депутаты Нұрлан Әуесбаев үкімет басшысы Олжас Бектеновтың атына сауал жолдап, Қазақстанда мемлекеттiк демографиялық саясатының кешенді жаңа тұжырымдамасын әзірлеуді ұсынды.
Оның сөзінше, 2000 жылы Үкіметтің қаулысымен қабылданған "ҚР мемлекеттiк демографиялық саясатының тұжырымдамасы туралы" құжат елдің бүгінгі қажеттіліктеріне сәйкес келмейді.
"25 жыл өтті. Бұл аралықта елімізде және әлемде көптеген өзгерістер болды. Әр елде жер көлеміне, географиялық, климаттық, экономикалық жағдайына байланысты даму процестері жүріп жатыр. Біздің жағдайда кезек күттірмейтін басты байлығымыз – адам факторына, денсаулығы мықты, сапалы, саналы ұлт қалыптастыру арқылы демографиялық мәселелерге бас назар аудару қажет", – деген Нұрлан Әуесбаев Қазақстандағы бірқатар демографиялық мәселелерге тоқталды:
- Бала туу деңгейінің төмендеуі. 2022 жылы туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда – 20,5 болса, 2023 жылы 19,5 құрады. Төмен көрсеткіштердің басты себептері – репродуктивті денсаулық, жоспарланбаған жүктілік және түсік түсіру.
- Жастардың отбасын тым кеш құруы. Қазіргі жастар мансап пен жеке жетістіктерді жиі бағалайды, бұл балалардың саны мен олардың туған уақыты туралы шешімге де кері әсер етуде. Кеш үйлену, өте кеш үйлену жағдайлары көптеп белең алды.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстандағы халық саны мен ел демографиясы туралы қызықты деректер
- 2024 жылғы 5 айда бала туу өлім көрсеткішінен 3 есе жоғары. Демографиялық шолу
- Қазақстанда демография мәселелерімен неге Денсаулық сақтау министрлігі айналыспайды
"Осыған орай, жастарды жұмыспен және тұрғын үймен қамтамасыз ету, олардың әлеуметтік мәселелерін шешу үшін кешенді түрде тиімді шаралар қабылдау қажет", – деді мәжіліс депутаты.