USD: 483.9 / 486.9
  • EUR: 563.0 / 568.0
  • RUB: 6.39 / 6.51
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Жаңа 2025-2026 оқу жылы: қашан басталады және каникул кестесі қандай

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Оқу 2 қыркүйекте басталып, 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады.

Оқу-ағарту министрлігі 2025-2026 оқу жылындағы каникул кестесін жариялады. Оған сәйкес, оқу 2 қыркүйекте басталып, 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады. 

Білім күніне арналған салтанатты жиынның уақыты мен күні мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен белгіленеді. 

  • Бірінші тоқсанда оқу уақыты 8 апта. Күзгі каникул 2025 жылғы 27 қазанда басталып, 2 қарашаны қоса алғандағы 7 күнге созылады. 
  • Екінші тоқсан 8 оқу аптасынан тұрады. Қысқы каникул 2025 жылғы 29 желтоқсанда басталып, 2026 жылғы 7 қаңтарды қоса алғандағы 10 күнге жалғасады. Бірінші сынып оқушылары үшін қосымша демалыс 2026 жылғы 9 ақпаннан 15 ақпанды қоса алғандағы 7 күнді құрайды. 
  • Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады. Көктемгі каникул 2026 жылғы 19 наурызда басталып, 29 наурызды қоса алғандағы 11 күнге созылады. 
  • Төртінші тоқсанның ұзақтығы 8 оқу аптасын құрайды, оқу жылы 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады.
Иллюстрация: Оқу-ағарту министрлігі

 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз