Президент құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңес өткізді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрі Ержан Сәденовпен, Бас прокурор Берік Асыловпен, Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевпен, сондай-ақ басқа да салалық ведомстволардың басшыларымен кездесіп, консультациялар өткізді, деп хабарлады Ақорда сайты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне елорда мейрамханаларының бірінде болған кісі өліміне қатысты резонанс тудырған оқиғаны ерекше бақылауға алуды тапсырды.
"Заң бәріне бірдей. Азаматтарымыз заңдылықты нығайту жолында жұдырықтай жұмылса ғана қоғамда әділдік орнайды. Әділетті Қазақстан – заң мен тәртіп үстемдік құратын ел", – деді президент.
Оқи отырыңыз: Экс-министр Қуандық Бишімбаев 2 айға қамалды
Мемлекет басшысы заңның сақталуына, азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыруға қатысты мәселелерге баса мән берді.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, заң мен тәртіп қағидаты Қазақстан қоғамының идеологиялық және саяси темірқазығына айналуға тиіс. Қазіргі қалыптасқан жағдай көшедегі мәдениетсіздіктен бастап төбелес, ұрлық, кісі өлтіруге дейінгі құқықбұзушылықтың барлық түріне ымырасыз қарсы тұруды талап етеді.
Президент осындай келеңсіздіктермен тұтас қоғам болып күресу керек деп санайды. Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм, дөрекілік және бұзақылық сияқты заң мен тәртіп бұзушылықтың кез келген түріне мүлде төзбейтін әрі оны қатаң айыптайтын жағдай қалыптастыру қажет. Әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық көрсету фактілерінің батыл түрде жолын кесу керек.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ыстықкөлде фейерверк тиелген жүк көлігі өртеніп кетті
-
271
-
0
-
0
-
-
2🌨⛄️Қазақстан қашан ақ қарға оранады
-
284
-
0
-
3
-
-
3😳 Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі арнайы күзет қызметінің бақылауына өтеді
-
286
-
0
-
5
-
-
4⚡️Алматыда хостел өртеніп, 13 адам қаза тапты
-
212
-
0
-
3
-
-
5⚡️ Супермарафоншы Марат Жыланбаев жеті жылға сотталды
-
195
-
0
-
2
-
-
6⚡️ 13 адамның өлімі: Алматыдағы хостелде көбіне шетелдіктер тұрған
-
189
-
0
-
0
-
-
7Алматыдағы өрттің шығу себептерін тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды
-
163
-
0
-
0
-
-
8Білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша заң жобасына қатысты Мәжіліс депутаты Ардақ Назаровтың сұрағы.
-
165
-
0
-
0
-
-
9Хостелдегі өрт: Ғимараттың кімге тиесілі екені белгілі болды
-
139
-
0
-
1
-
-
10🔹️ “Браконьер” іс-шарасы: 100-ден астам қылмыстық құқық бұзушылық анықталды
-
99
-
0
-
0
-