USD: 485.9 / 488.9
  • EUR: 562.0 / 567.0
  • RUB: 6.41 / 6.53
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Жамбыл облысының тауларында 25 жастағы жігіт адасып кетті

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ
Қиындықтарға қарамастан, бүгін таңертең жас жігіт табылды.

Жамбыл облысының тауларында 2000 жылы туған жас жігіт адасып кетті, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

ТЖМ мәліметінше, кеше кешке Жамбыл облысы ТЖД 112 пультіне Жуалы ауданындағы "Алмалы Сай" таулы аумағында достарынан қалып қойған 2000 ж.т. жас жігіттің жоғалғаны туралы хабар түсті.

Оқиға орнына жедел арнайы техникамен ТЖМ құтқарушылары, кинологиялық есеп және ұшқышсыз ұшу аппараты шықты. Сонымен қатар іздеу жұмыстарына аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері де жұмылдырылды.

"Іздеу жұмысы түні бойы қиын таулы жерде жүргізілді. Жоғалған азаматпен байланыс болған жоқ: оның ұялы телефоны сөндірілген, геолокациясы анықталмады. Бұл оның орналасқан жерін табуды қиындатып, құтқарушылардан барынша кәсіби шеберлік пен жоғары зейінді талап етті. Қиындықтарға қарамастан, бүгін таңертең жас жігіт табылды. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ", – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз