Тікелей эфир

Жамбыл облысында жаңа мемлекеттік көліктерді меншіктеп алған шенеуніктердің әрекеті әшкере болды

Қызметтік көлікті жекеге аударып алғандарды прокурорлар анықтаған.

Тексеріс барысында "Таза-Талас" мекемесінен төрт көлік жоқ болып шыққан, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Аудандық шенеуніктер жаңа көлікті құжат арқылы жарамсыз етіп сатып жіберген. Қолды болған көліктердің қазір үшеуі ғана мемлекетке қайтарылды. Шенеуніктер төртіншісін табуға талпынап жатқандарын айтты. Осы көліктер қолдан қолға өтіп кеткен.


Оқи отырыңыз: Ақтөбелік шенеуніктер 77 млн теңгеге екі электромобиль сатып алмақ болған


Екі жыл бойы қызметтік көліктің қызығын жеке адамдар көрген. Қаржысын кәсіпорын басшылары бөліп алған. Қазір оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Айта кетейік, жылы жаңа 4 көлікті шенеуніктер небәрі 22 миллион теңгеге бағалапты.

"Жалпы айтатын болсақ, кәсіпорынның директоры мен орынбасары жалған құжаттардың негізінде автокөліктердің техникалық жағдайы жарамсыз, қолдануға жатпайды деген негіздермен жалған құжаттар әзірлеп, іс жүзінде жарамды пайдалануға болатын автокөліктерді кәсіпорынның теңгерімінен шығарып, оларды аукционға сатудың орнына тікелей өздері жеке тұлғаларға сатып пайда тапқан", – деді Жамбыл облысы прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тергеу басқармасының бастығы Ақберен Мүлкеманов.

Серіктестер жаңалықтары